Лукашенко шекарадағы әскерлерге наразылық көрсетті

Лукашенко әскери қолбасшыларымен Беларусь-Ресей ортақ әскери жаттығу жоспарымен байланысты жиналыс өткізді.

1763843
Лукашенко шекарадағы әскерлерге наразылық көрсетті

Беларусь президенті  Александр Лукашенко мемлекетінің батыс шекарасына Америка Құрама Штаттары, Польша және Балтық елдерінің 30 мыңнан астам әскерінің орналастырылатынын айтты. 

Лукашенко Тәуелсіздік сарайында әскери қолбасшыларымен Беларусь-Ресей ортақ әскери жаттығу жоспарымен байланысты жиналыс өткізді. 

Америка Құрама Штаттары, Польша және Балтық елдерінің 30 мыңнан астам әскерінің орналастырылғанын түсіндірген Лукошенко Польшаның аймаққа әскери жабдықтарды жіберу үшін НАТО-ға өтініш бергенін білдірді. 

Лукашенко "Бұлар неліктен жасалуда? Бұлардан бір нәтиже шығуы мүмкін. Мұқиятты түрде дайындалуда" деген сөздер қолданды. 

Беларусьтың оңтүстік шекарасындағы жағдайдан да қатты алаңдағанын баяндаған Лукашенко Украина тарапында әскери жасақтары санының артқанын атап өтті. 

 



Ұқсас жаңалықтар