Макрон Үндістан премьер-министрімен кездесті

Макрон Үндістан мен Пәкістан арасында артқан келіспеушілікті екі елдің шешуі керектігін білдірді.

1257209
Макрон Үндістан премьер-министрімен кездесті

Франция президенті Эммануэль Макрон Үндістан үкіметінің Джамму Кашмирге арнайы мәртебе берген 370-ші бапты алып тастауынан кейін Үндістан мен Пәкістан арасында артқан келіспеушілікті екі елдің шешуі керектігін білдірді.

Макрон Францияда Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен кездесті.

Екі ел арасындағы қарым-қатынастың маңызына тоқталған Макрон Джамму Кашмирдегі проблемаларға байланысты: «Проблема Үндістан мен Пәкістан арасында шешілуі керек.  Аймақта келіспеушілік артпауы үшін екі жақтың да жауапкершілігі бар.  Терроризмге қарсы күреске бағытталу керек» деді.

Макрон елінің бейбіт халықтардың қорғалуы тақырыбында абай болатынын айтты.  Ол осы тақырыпта Пәкістан премьер-министрі Имран Ханмен де кездесетінін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар