Мейер-Ландрут Хатайға келді

Николаус Мейер-Ландрут: "Басты тақырып Сириядағы дағдарысты саяси жолмен шешуде. Өкінішке орай, Сирияда қазір саяси шешімнің көкжиегі көрінбей отыр" деді.

1828476
Мейер-Ландрут Хатайға келді

Еуропалық Одақтың Түркиядағы Өкілдігінің басшысы, елші Николаус Мейер-Ландрут 2011 жылдан бері ішкі соғыс жалғасқан Сирияда қазір саяси бір шешімнің көкжиегі көрінбегенін айтты.

Газиантепке сапарлай келген Николаус Мейер-Ландрут Хатайда кездесулер өткізгенін, Сирияға жолданған гуманитарлық жәрдемдерді қолға алғандарын білдірді.

Николаус Мейер-Ландрут:

"Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің БҰҰ арқылы шекара сыртына гуманитарлық жәрдем жеткізу шешімі бар. Осы шешімді қайта жасау және ұзартуға Еуропа Одағының қолдауын жеткізу үшін келдім" деді.

9-10 мамырда Бельгия астанасы Брюссельде ұйымдастырылған "Донорлар конференциясы" ерекшелігіндегі Сирия конференциясына сілтеме жасаған Николаус Мейер-Ландрут:

"Осы конференция кезінде Түркия және халықаралық ортақтарымызбен бірге шекара сыртына гуманитарлық жәрдем жеткізуге байланысты негізгі шешімдерді ұзарту тақырыбын қолға алдық. Басты тақырып Сириядағы дағдарысты саяси жолмен шешуде. Өкінішке орай, Сирияда қазір саяси бір шешімнің көкжиегі көрінбей отыр" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар