Мексикада дәу туннель табылды

Тергеу аясында мың 762 килограм кокаин, 165 килограм мет және 3 жарым килограм героин тәркіленді.

1828478
Мексикада дәу туннель табылды

Мексиканың Тихуана қаласынан Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Сан-Диего қаласына созылған есірткі тасымалдайтын үлкен туннель табылды.

Мексикадан Америка Құрама Штаттарының өнеркәсіп аймағындағы бір қойм аға жалғанған, мөлшермен 6 футбол алаңының үлкендігіндей ұзын туннельді АҚШ лауазымдылары байқаған.

Лауазымдылар Тихуана қаласынан Сан-Диего қаласына созылған есірткі тасымалдайтын жасырын өткелде рельстік және желдету жүйелері, электр қуаты мен күшейтілген қабырғалар орнатылғанын айтты.

Туннель Сан-Диего қаласының Отай Меса шекара қақпасының жанында соңғы жиырма жылдықта оннан астам күрделі туннельдер табылған аумақта байқалды.

Туннельдің қанша уақыттан бері қолданылғаны анықталмады. Тергеу аясында мың 762 килограм кокаин, 165 килограм мет және 3 жарым килограм героин тәркіленді.

Оңтүстік Калифорниядан 6 кісі кокаин есірткілерін сату айыптауымен ұсталды.



Ұқсас жаңалықтар