Мексикадағы қарулы шабуылда 5 кісі мерт болды

Тәуелсіздік күнін тойлап жатқан кезде қарулы кісілер тарапынан бір барға ұйымдастырылған шабуылда 5 кісі мерт болды.

1271004
Мексикадағы қарулы шабуылда 5 кісі мерт болды

Мексикада Тәуелсіздік күнін құттықтап жатқан кезде қарулы кісілер тарапынан бір барға ұйымдастырылған шабуылда 5 кісі мерт болды.

Мемлекеттік Қауіпсіздік министрлігінен жасалған мәлімдемеде Табаско уәлаятының Виллахермоса қаласы маңындағы бір барда қарулы кісілердің атқан оғынан 3 кісінің жараланғаны білдірілді.

Табаско прокуратурасынан жасалған мәлімдемеде барға жасалған шабуылда қаза тапқандардан 3 кісінің ағайынды, жалпы 5 ересек азамат екені хабарланды.

Мәлімдемеде шабуылдың себептеріне байланысты мәлімет берілмеді, оқиғаның зерттеліп жатқаны білдірілді.

Тәуелсіздік күніне орай құттықтаулар ел көлемінде басталды, Халапа қала алаңында болған от шашатын шырақ апатында да көптеген кісі жараланған. 



Ұқсас жаңалықтар