Мишель: "Еуропа Одағы жәрдем беруге дайын"

Әзербайжан Төтенше жағдайлар министрі Кемаледдин Хайдаров зілзалаға орай Чавушоғлуна телефон шалды.

1518964
Мишель: "Еуропа Одағы жәрдем беруге дайын"
haydarov.jpg

Еуропа Одағы кеңесінің төрағасы Шарль Мишель әлеуметтік желіден жасаған мәлімдемесінде:

"Эгей теңізінде Грекия мен Түркия су айдынында болған ауыр зілзалаға байланысты оқиғаларды тығыз бақылап отырмыз" деді.

Зілзаланың әсеріне ұшырағандармен жүрегі бір соққанын айтқан Мишель:

"Еуропа Одағы жәрдем беруге дайын" деді.

Апат және төтенше жағдайлар әкімшілігі Эгей теңізінің Сеферихисар су айдынында 6.6 баллдық жер сілкінгенін жариялады.

Әзербайжан Төтенше жағдайлар министрі Кемаледдин Хайдаров Измирдің Сеферихисар су айдынында болған 6.6 баллдық зілзаладан кейін Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуна телефон шалды.

Дипломатиялық хабарларға қарағанда Әзербайжан Төтенше жағдайлар министрі Кемаледдин Хайдаров телефондағы сөзінде Чавушоғлуна зілзалаға орай көңіл сұрау тілектерін жеткізді.

Хайдаров бауырлас Түркияға әр түрлі жәрдемді жолдауға дайын тұрғандарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар