НАТО саммиті аяқталды

НАТО-ның 32-ші саммиті “Терроризм және Солтүстік Африка» сессиясынан кейін аяқталды.

1850270
НАТО саммиті аяқталды

Мадридте Испанияның ұйымдастыруымен өткен НАТО-ның 32-ші саммиті “Терроризм және Солтүстік Африка» сессиясынан кейін аяқталды.

Саммиттің соңғы күніндегі таңғы сессияға НАТО-ға мүше 30 елдің мемлекет немесе үкімет басшылары, сыртқы істер және қорғаныс министрлері қатысты.

Сессияға Түркия тарапынан Президент Режеп Тайып Ердоған, Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу және Қорғаныс министрі Хулуси Акар қатысты.

Сессияның ашылуында сөйлеген сөзінде НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг Солтүстік Африка мен Сахель аймақтары өзара байланысты қауіпсіздік, демографиялық, экономикалық және саяси қиындықтармен бетпе-бет келгенін айтты. Столтенберг Ресейдің Украинаға жасаған шабуылынан кейін пайда болған  азық-түлік дағдарысы және климаттық өзгерістердің әсерінен бұл қиындықтардың артқанын атап көрсетті.

"Оңтүстіктегі серіктестерімізбен ортақ сын-қатерлерге қарсы тұруды жалғастыру - біздің мүддемізге сай. Бүгін біз НАТО-ның тұрақсыздықпен қалай күресетінін және лаңкестікпен күресті күшейтетінін қарастырамыз" деді.

Саммитте бекітілген стратегиялық тұжырымдамада НАТО терроризмді «халықаралық қауіпсіздікке, бейбітшілікке және азаматтардың қауіпсіздігіне ең тікелей асимметриялық қауіп» деп айқындады.

Басқа жағынан Эстония премьер-министрі Каджа Каллас Финляндия мен Швеция НАТО-ға қосылуға шақыру алғаннан кейін Ресейден «сюрприз күткендерін» айтты. Каллас Ресейдің гибридті немесе кибершабуылдар жасай бастауы мүмкін екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар