О.Корея Ковид-19 вакцинасын өндірді

"SK Bioscience" фармацевтикалық компаниясы әзірлеген "SKYCovione" деп аталатын Ковид-19 вакцинасының әсерлі екені білдірілді.

1849838
О.Корея Ковид-19 вакцинасын өндірді

Оңтүстік Корея өзі әзірлеген коронавирусқа қарсы (Ковид-19) вакцинасының жаңа түрін қолдануды мақұлдады.

Азық-түлік және Дәрі-дәрмек қауіпсіздігі министрлігінің мәлімдемесінде "SK Bioscience" фармацевтикалық компаниясы әзірлеген "SKYCovione" деп аталатын Ковид-19 вакцинасының инфекцияларға қарсы иммунитетті қалыптастыруда AstraZeneca-ға қарағанда тиімдірек екені хабарланды.

Азық-түлік және Дәрі-дәрмек қауіпсіздігі министрі О Ю-Кён аталмыш вакцинаны 18 жастан асқан адамдар үшін қолдануға рұқсат етілгенін айта отырып, елінің вакцина жетілдіру технологиясын растағанын атап өтті.

Вакцинаның 3 клиникалық сатыдан табыспен өткенін жеткізген О Ю-Кён вакцинаны басқа елдерге беру үшін Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының рұқсатын күтетіндерін білдірді.

Оңтүстік Кореяда соңғы 24 сағатта 10 мың 437 адамның Ковид-19 вирусын жұқтырғаны анықталды, вирус себепті 7 кісі қайтыс болды, жалпы вирустан қайтыс болған адам саны  24 мың 537-ге жетті.



Ұқсас жаңалықтар