Орыс ұшағы ағылшын кемесіне оқ атты

Ұлыбританияға қарасты "Defender" әскери кемесінің Ресей заңсыз жаулап жатқан Қырымның оңтүстік батысындағы Феленкте шекараға кіргені алға тартылды.

1663419
Орыс ұшағы ағылшын кемесіне оқ атты

Орыс ұшағы Қаратеңізде шекараға қайшылық жасағаны сылтауымен ағылшын әскери кемесіне ескерту оғын атты. 

Ресей Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде Ұлыбританияға қарасты "Defender" әскери кемесінің Ресей заңсыз жаулап жатқан Қырымның оңтүстік батысындағы Феленкте шекараға кіргені алға тартылды. 

Сол себепті "Су-24М" әскери ұшағы ұшырылғаны білдірілген мәлімдемеде:

"Шекараларды қорғаған орыс кемесі сағат 12.06 және 12.08-де ағылшын кемесін ескерту үшін оқ атты.  "Су-24М" тоғыз минуттан кейін "Defender" әскери кемесіне бағытталған бомбалау ескертуі жасалды" деп көрсетілді. 

Мәлімдемеде Ресейдің Қаратеңіз флоты мен Ресей Федерал Қауіпсіздік ұйымына қарасты шекара қорғаушылардың ортақ әрекетімен ағылшын әскери кемесінің шекарадан  кеткені және оқиғаға байланысты Ұлыбританияның Мәскеу елшілігіндегі әскери атташенің Ресей Қорғаныс министрлігіне шақырылғаны хабарланды.

Ресей Қырымды 2014 жылы заңсыз жаулап алды.

Халықаралық құқық қағидаларында Қырым Украинаға қарасты деп қабылданады.   



Ұқсас жаңалықтар