"Пандемия бітпеді"

ДДСҰ Ковид-19-дың 110 елде көбейгенін атап өтіп, індет аяқталмағанын ескертті.

1850024
"Пандемия бітпеді"

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирустың жаңа түрі (Ковид-19) 110 елде көбейгенін атап өтіп, індет аяқталмағанын ескертті.

Ұйымның Женевадағы штаб-пәтерінде өткен баспасөз мәслихатында ДДCҰ-ның бас директоры доктор Тедрос Адханом Гебрейесус Ковид-19 індетіндегі соңғы оқиғаларға баға берді.

Ковид-19 қосалқы нұсқалары BA.4 және BA.5-ның 110 елде жағдайдың асқынуына себеп болғанын айта келе Гебрейесус «Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының 3 аймағында өлім-жітім деңгейі өсті, әлем көлемінде де ковид деректері 20 пайызға артты» деді.

"Эпидемия өзгеруде. Біз вируспен күресуде ілгерілеушілікке қол жеткіздік, бірақ пандемия әлі біткен жоқ" деді  ол.

Гебрейесус: «Қазіргі Omicron нұсқасын қадағалау және одан кейін пайда болатын нұсқаларды талдау барған сайын қиындап келеді” деді.

Гебрейесус Ковид-19-ды қауіпті жағдайға келтірмеу үшін вакцинацияның маңыздылығына назар аударды және «соңғы 18 айда әлемде 12 миллиард дозадан астам вакцина таратылды» деген ақпаратпен бөлісті.

Дүние жүзінде медицина қызметкерлері мен 60 жастан асқан адамдардың вакцинациялану деңгейінің 75 пайыз екенін атап өткен Гебрейесус барлық елдерді «халқының кем дегенде 70 пайызын вакцинациялауға» шақырды.



Ұқсас жаңалықтар