Помпео Ираннан АҚШ азаматтарын босатуын талап етті

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео жеке Twitter парақшасынан мәлімдеме жасады.

1129690
Помпео Ираннан АҚШ азаматтарын босатуын талап етті

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео 1979 жылындағы тұтқындау дағдарысына назар аударып жеке Twitter парақшасынан мәлімдеме жасады.

Помпео «40 жыл бұрын бүгін Ирандағы радикалдар 444 күн кепілдікке алған 52 американдық дипломат еркін жіберілген еді. Иран қазір де жазықсыз АҚШ азаматтарын кепілдікте ұстауда» деді.

Иран басшысы Айетуллах Али Хаманей, Иран президенті Хасан Рухани және Сыртқы істер министрі Джевад Зарифтің жеке Twitter парақшаларына жазған Помпео «Иран: Bob Levinson, Xiyue Wang, Baquer және Siamak Namazy-ге қоса басқа да кепілдікте ұсталғандарды босатуға тиісті» деді.

АҚШ пен Иран арасында дағдарыс өрбиген бір кезеңде президент Трамп, Ақ Үй Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джон Болтон және Помпеоның Иранға қарсы мәлімдемелері назар аударуда.



Ұқсас жаңалықтар