Путин мен Сани телефонда сөйлесті

Ресей президенті Владимир Путин Катар Әмірі Шәйх Тамим ибн Хамид әл-Санимен телефонда сөйлесті.

1425261
Путин мен Сани телефонда сөйлесті

Ресей президенті Владимир Путин Катар Әмірі Шәйх Тамим ибн Хамид әл-Санимен телефонда сөйлесті.

Кремль сарайынан жасалған мәлімдемеде Путин мен Сани арасындағы телефон кеңесінде күн тәртіптегі тақырыптар сөз болғаны білдірілді. 

Ресей мен Катар арасында энергия мен инвестицияны қамтыған салаларда жасалған ынтымақтастықтың маңызды өреге жеткені жеткізілген мәлімдемеде екі ел денсаулық министрлері арасында жаңа типті коронавируспен күресте ынтымақтастық тақырыптарында келісім жасалғаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде телефондағы әңгімеде халықаралық тақырыптарда көзқарас алмастырылғаны және екі басшының әлемдегі көмірсутек нарқындағы жағдайды да талқылағаны білдірілді.

Сирия дағдарысы да қаралған кеңесте елдегі гуманитарлық жағдайдың қалыпқа түсуінің маңыздылығы дәріптелді.



Ұқсас жаңалықтар