Путин жаңа кабинетті бекітті

РФ президенті жаңа министрлерге табыс тіледі.

1345011
Путин жаңа кабинетті бекітті

Ресей президенті Владимир Путин премьер-министр Михаил Мишустиннің тізімін бекітті.

Путин бекіткен жаңа кабинетте Сыртқы істер министрі Сергей Лавров, Қорғаныс министрі Сергей Шойгу, Энергия министрі Александр Новак, Ішкі істер министрі Владимир Колокольцев өз міндеттерінде қалды.  Экономика,  Әділет, Спорт және Мәдениет министрліктерінің басшылары ауысты.

Ресей вице-премьері және Қаржы министрі Антон Силуанов министрлік міндетінде қалды.  Бірінші вице-премьер міндетіне Путиннің кеңесшісі Андрей Белоусов тағайындалды.

Путин жаңа министрлерге табыс тілеп, премьер-министр Мишустин тұрғын,  денсаулықты сақтау және молшылықты арттыру тақырыбында анықталған міндеттердің жедел орындалуы керектігін айтты.



Ұқсас жаңалықтар