Ресей АҚШ-тың Сириядағы болмысын заңсыз деп қарайды

Михаил Мизинцев АҚШ пен одақтастарының Сириядағы заңсыз болмысының бейбітшілік процесіне кедергі жасағанын айтты.

1272089
Ресей АҚШ-тың Сириядағы болмысын заңсыз деп қарайды

Ресей Қорғаныс министрлігі Ұлттық басқару орталығының төрағасы Михаил Мизинцев Америка Құрама Штаттары мен одақтастарының Сириядағы заңсыз болмысының бейбітшілік процесіне кедергі жасағанын айтты.

Михаил Мизинцев Қорғаныс министрлігінде ұйымдастырған брифингте АҚШ-тың Сирия саясатына байланысты мәлімдемелер жасады.

Америка Құрама Штаттары мен одақтастарының сириялықтардың өміріне мән бермегендерін білдірген Михаил Мизинцев:

"Америка Құрама Штаттары мен одақтастары Сириядағы заңсыз болмысын қақылы көрсету және геополитикалық армандарын орындау үшін Сириядағы дағдарыс аймақтарына мұқтаж болып отыр. АҚШ барған барлық жердеойрандау, ашаршылық, түрліше аурулардың бас көтергенін көріп отырмыз" деп көрсетті.

Михаил Мизинцев бөлшектеуші террористік ұйым ПКК/ИПГ-нің басқаруындағы Хасеке уәлаятының Ирак шекарасына орналасқан Ал Хол лагеріндегі өмір шарттарының нашарлығына назар аударып:

"Ал Хо лагері АҚШ-тың Сирияда атқарған күйретуші саясатының бір үлгісі" деді.



Ұқсас жаңалықтар