Ресей Қытай азаматтарының кіруін шектеді

Ресей жаңа типті коронавирус инфекциясы себепті Қытай азаматтарының еліне кіруін уақытша тоқтатты.

1362751
Ресей Қытай азаматтарының кіруін шектеді

Ресей жаңа типті коронавирус инфекциясы себепті Қытай азаматтарының еліне кіруін уақытша тоқтатты.

Ресей премьер-министрінің орынбасары Татьяна Голикова астана Мәскеуде жасаған мәлімдемесінде премьер-министр Михаил Мишустин тарапынан қол қойылған бір шешіммен Қытай азаматтарының Ресейге кіруінің уақытша шектелгенін білдірді.

Татьяна Голикова:

"Жекеше, жұмыспен, білім алу және туристік сапар себептерімен Ресейге келуді қалайтын Қытай азаматтарының елге кіруі 20 ақпаннан бастап уақытша тоқтады" деді. 

Ресейде бүгінге дейін 2 Қытай азаматында коронавирус анықталды, екі науқас та карантиндегі емдеуден кейін емханадан шықты.  



Ұқсас жаңалықтар