Ресей Сирияда іргесін кеңейтуде

Ресей президенті Владимир Путин Сирияда орыс армиясы үшін қосымша тұрақты мүлік пен теңіз айдынын қамдау үшін бұйрық жариялады.

1425969
Ресей Сирияда іргесін кеңейтуде

Ресей президенті Владимир Путин Сирияда орыс армиясы үшін қосымша тұрақты мүлік пен теңіз айдынын қамдау үшін бұйрық жариялады.

Путин Қорғаныс және Сыртқы істер министрліктеріне Сирияда орыс қарулы күштерін қосымша тұрақты мүлік және теңіз айдынымен қамдау үшін сириялық лауазымдылармен келіссөз өткізу міндетін берді.

Путин қосымша жерлермен қамдау үшін 2015 жылы Ресей  мен Сирия үкіметі арасында қол қойылған келісім аясында келіссөздердің жүргізілуін сұрады. 

Ресей  мен Сирия үкіметі арасында 2015 жылы 26 тамызда қол қойылған келісім Ресей ұшақтарының және әскерлерінің Хмеймим әуе базасына мезгілсіз тұруын қамдайды.

Келісімге сай Ресей базаны қолдану үшін Сирияға ешқандай ақы төлемейді. Базаға орналастырылатын ұшақ, қызметкер және әскери жабдықтарды Ресей өзі белгілейді. Хмеймим әуе базасына жолданатын жабдықтарға салық төлемейді және кеден бақылауы жасалмайды. Осы жерде міндет атқаратын орыс қызметкерлер мен отбасындағылар дипломаттарға берілген ерекшелік пен тиіспеушілікке ие болады. Сирия іс-шараларына байланысты Ресейге және міндетті қызметкерлерге ешқандай сот аша алмайды. 

Орыс армиясы Сирияда Хмеймим әуе базасымен бірге теңіз базасы ретінде Тартус кемежайын да қолдануда.



Ұқсас жаңалықтар