Ресей Украинаға зымыран шабуылы жасады

Украина Ішкі істер министрлігі Днепропетровск облысына қарқынды зымыран шабуылы жасалғанын мәлімдеді.

2129912
Ресей Украинаға зымыран шабуылы жасады

Ресейдің Украинаның Днепропетровск облысына жасаған зымырандық шабуылынан 8 адам қаза тауып, 29 адам жарақат алды.

Украина Ішкі істер министрлігі Ресейдің Днепропетровск облысына қарқынды зымырандық шабуыл жасағанын хабарлады.

Днепр қаласында 5 қабатты тұрғын үйдің бомбаланғаны атап көрсетілген мәлімдемеде 2 адамның қаза тауып, 20 адамның жараланғаны білдірілді.

Синельникове ауданында Ресейдің шабуылы салдарынан 4 үйдің жартылай құлағаны, 10 үйге зиян келгені аталған шабуылда 2 бала, барлығы 6 адамның қаза тауып, 6 адамның да  жараланғаны білдірілді.

Сондай-ақ Ресейдің аймақтағы Кривий Риг қаласына жасаған шабуылы нәтижесінде 3 адамның жараланғаны айтылды.

Украина президенті Владимир Зеленский де әлеуметтік желідегі аккаунтынан Ресей армиясының шабуылдары кезінде Днепрдегі көпқабатты тұрғын үйдің жартылай қирап, вокзалдың зақымданғанын мәлімдеді.

Кривий Риг пен Синельниковадағы шабуылдарға қатысты Зеленский «Барлық зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетілуде. Өкінішке орай, қайтыс болғандар бар. Отбасына, туыс-тамырларына қайғырып көңіл айтамын» деді.

Украина басшысы «Украинаға әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін қамтамасыз ететін әрбір мемлекет, серіктестерімізді әуе қорғаныс жүйелерінің енді қоймаларда емес, террористердің шабуылдарына ұшыраған нағыз қалаларда және қауымдастықтарда орналастырылу керектігіне көндіруге көмектесетін әрбір басшы, қорғанысымызға қолдау беретін әр адам өмірді құтқарушы» деді.

Ресейлік терроризмді жеңуіміз керек. Бұл тек біздің елдің емес, украиндардың ғана емес, жаһандық қажеттілік.



Ұқсас жаңалықтар