Сауд Арабиясы теңіз қауіпсіздігі коалициясына қатысады

Рияд әкімшілігі Америка Құрама Штаттары басшылығындағы Халықаралық теңіз қауіпсіздігі коалициясына қатысуға шешім қабылдады.

1272149
Сауд Арабиясы теңіз қауіпсіздігі коалициясына қатысады

Сауд Арабиясының ұлттық мұнай компаниясы Сауд Арамкоға ұйымдастырылған шабуылдан кейін Рияд әкімшілігі Америка Құрама Штаттары басшылығындағы Халықаралық теңіз қауіпсіздігі коалициясына қатысуға шешім қабылдады.

Сауд Арабиясының ресми хабар агенттігі СПА-ның Қорғаныс министрлігінен белгісіз бір лауазымдының сөзіне негізделген хабарына қарағанда Рияд әкімшілігінің Америка Құрама Штаттары басшылығындағы Халықаралық теңіз қауіпсіздігі коалициясына қатысуға шешім қабылдағаны білдірілді. 

Мәлімдемеде коалицияның нысанасының "Сауда кемелерін қамтыған халықаралық сауда қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолымен одақтас елдердің мүдделерін қорғау" екені атап көрсетілді. 

Коалицияның міндет орынының Хормос Бұғазы, Бабул Мендеб, Оман теңізі және Басра Шығанағы екеніне меңзелген мәлімдемеде Сауд Арабиясының теңіз қауіпсіздігіне байланысты күдіктерден құтылу үшін аймақтық және халықаралық өреде басылған қадамдарға қолдау беру негізінде коалицияғ,а қатысқаны атап көрсетілді. 

Негізні орталығы Бахрейнде тұратын коалицияға АҚШ-пен бірге Ұлыбритания, Австралия, Израиль және Бахрейн сияқты елдер қатысқандарын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар