«Шетелдік имамдар 2024 жылынан бастап, елге кірмейді»

Кристофе Кастанер «France Inter» радиосына күн тәртіптегі тақырыптарды бағалады.

1362832
«Шетелдік имамдар 2024 жылынан бастап, елге кірмейді»

Франция Ішкі істер министрі Кристофе Кастанер шетелден келетін имамдардың 2024 жылынан бастап елге кіре алмайтынын атап көрсетті.

«Шетелдік имамдар 2024 жылынан бастап елге кірмейді» деген Кристофе Кастанер бұл тақырыпта Түркия, Марокко және Алжирмен ақпарат бөліскендерін тілге тиек етті.

Кастанер сондай-ақ ораза айында елге келген имам санының биылдан бастап азайтылатынын білдірді.

Президент Эммануэль Макрон алдынғы күні Мюлуз қаласында шетелден келген имамдар, елде қызмет еткен және түрік тіліне қоса шет тілі сабағы беретін мұғалімдер мен «бөлшектеуші исламшылар» жайлы мәлімдеме жасады.

Түркия, Алжир және Мароккодан Францияға барған имамдар саны 300 екенін, бұл шарадан бас тартылатынын атап көрсеткен Макрон имамдардың Францияда білім алатынын және француз тілін білу керектігін мәлімдеген болатын.



Ұқсас жаңалықтар