Швеция мен Финляндия НАТО-ға өтініштерін ресми түрде тапсырды
Столтенберг хаттарды Швеция мен Финлияндияның НАТО-да аккредитацияланған елшілерінен қабылдап алды.
Финляндия мен Швеция НАТО-ға мүше болу үшін ресми өтініш хаттарын НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергке тапсырды.
Бас хатшы Столтенберг Бельгияның бас қаласы Брюссельде хаттарды Швеция мен Финлияндияның НАТО-да аккредитацияланған елшілерінен қабылдап алды.
Столтенберг осында журналистерге мәлімдеме жасады. Ол әрбір елдің өз жолын таңдау құқығы бар екенін айтып, осы елдердің талабына риза болғанын білдірді.
Ол Швеция мен Финляндияның НАТО-ға мүшелігінің қауіпсіздікті арттыратынын айтты. «Бүгін хаттардың тапсырылуы – тарихи қадам. Енді одақтастар НАТО-ға апарар жолды айқындайды. Барлық одақтастардың уайымдары назарға алынуы керек» деді ол.
Ұқсас жаңалықтар
Орталық Жерорта теңізінде 510 заңсыз мигрант қаза тапты
Осы жылдың басынан бері Орталық Жерорта теңізінде 510 заңсыз мигранттың қайтыс болғаны хабарланды.