Шығыс елдерінде коронавирус

Шығыс елдерінде Сovid-19 эпидемиясында соңғы жағдай.

1467385
Шығыс елдерінде коронавирус

Коронавирус (Covid-19) салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 704 мың 438-ден асты. Расталған оқиға саны 18 миллион 708 мың 865, жазылып кеткендер саны 11 миллион 925 мың 746 болды.

Соңғы 24 сағатта Үндістанда 857 адамның өлімімен Сovid-19-дан қайтыс болғандар саны 39 мың 856-ға дейін өсті. Вирус жұқтырғандар саны 1 миллион 910 мың 681-ге жетті.

Ресейде 14 мың 351 адам эпидемия салдарынан көз жұмып, 861 мың 423 адам вирус жұқтырды.

17 мың 617 адам қайтыс болған Иранда 314 мың 786 Сovid-19 оқиғасы тіркелді.

Иракта Сovid-19 эпидемиясында соңғы 24 сағатта қайтыс болған 83 адамды қосқанда, 5 мың 17-ге, вирус жұқтырғандар саны 134 мың 722-ге жетті.

Африка құрлығында індет салдарынан қайтыс болғандар саны 472-ге көбейіп, 21 мың 143-ке жетті. Ал ауруды жұқтырғандар саны 9 мың 759 артып, 982 мың 219 болды. Сovid-19-дан ең көп адам шығыны 8 мың 884 өліммен Оңтүстік Африкада тіркелді. Мысырда 4 мың 912 адам, Алжирде 1 мың 248 адам қайтыс болды.



Ұқсас жаңалықтар