Сенегалдың суға батқан кемесіндегі 140 адам қаза тапты

Сенегалдан Испанияға бару үшін жолға шыққан және 200 иммигрантты тасымалдаған кеменің суға батуы себепті кемінде 140 адам қаза тапты.

1518889
Сенегалдың суға батқан кемесіндегі 140 адам қаза тапты

Сенегалда өткен апта болған кеме апатында кемінде 140 кісі қаза тапты.

Халықаралық көші-қон ұйымы тарапынан жасалған мәлімдемеде Сенегалдан Испанияға бару үшін жолға шыққан және 200 иммигрантты тасымалдаған кеменің суға батуы себепті кемінде 140 адамның қаза тапқаны білдірілді.

Халықаралық көші-қон ұйымы оқиғаны "2020 жылы болған ең ауыр иммигрант апаты" деп бағалады. 

Сенегал ұйымдарының мәлімдемесінде қаза тапқан адам саны 20 деп жарияланған.

Испанияға беталған иммигранттар отырған кеме 24 қазанда моторы бұзылуы себепті Дакарға 80 километр алыстықтағы аймақта суға батқан болатын.   



Ұқсас жаңалықтар