Сенімді аймақ брифингі өтті

Майер «Сирия Демократиялық күштеріне қару мен жабдық жолдауды жалғастырып отырмыз» деді.

1272463
Сенімді аймақ брифингі өтті

Америка Құрама Штаттары ДАИШ-пен Күрес миссиясының директоры Крис Майер Сирияда Түркия мен АҚШ-тың сенімді аймаққа келіскен жерде террорлық ұйым YPG/PKK жасақтарын шығару ісінің жалғасып жатқанын айтты.

Крис Майер АҚШ Қорғаныс министрлігі Пентагондағы сенімді аймақ брифингінде баспасөз өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Қарама-қайшы мәлімдемелерімен назар аударған Майер Сирияда Түркия мен АҚЩ келіскен сенімді аймақ жерінен террор ұйымы бар екенін қабылдады. Террор ұйымы YPG –ны шығаруды табанды екендерін алға тартқан Майер Түркияның заңды қауіпсіздік уайымдарын түсінетіндерін айтты.

Майер Түркия мен Америка Құрама Штаттары қарулы күштерінің Тел Абияд және Расулайн аудандарын қамтитын әуеден және құрлықтан күзеттерінің жалғасып жатқанын еске салды.  Майер сенімді аймақтың көлемі жөнінде айтудан қашқақтады.

Ол аймақтан террор ұйымын шығаратындарын айтса да,  Сирия Демократиялық күштері деген есімді қолданған террор ұйымымен ынтымақтастықтарын жалғастыратындарын алға тартты.

Майер «Сирия Демократиялық күштеріне қару мен жабдық жолдауды жалғастырып отырмыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар