Сергей Шойгу Халифа Хафтермен кездесті

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Ливияның шығысындағы заңсыз қарулы күштердің лидері Халифа Хафтермен кездесті.

1362755
Сергей Шойгу Халифа Хафтермен кездесті

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Ливияның шығысындағы заңсыз қарулы күштердің лидері Халифа Хафтермен кездесті.

Ресей Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде Сергей Шойгудың Халифа Хафтермен бас қосқаны білдірілді.

Кездесуде Ливиядағы соңғы жағдайдың талқыланғаны атап өтілген мәлімдемеде:

"Ливияда атысты тоқтатуды қамдау және елдегі жағдайды оңауға бағытталған процестің бастауы тақырыбында 13 қаңтарда Мәскеуде өткен кездесудің маңызды болғаны айтылды" деп жазылды.

Германияда 19 қаңтарда ұйымдастырылған Берлин конференциясында жасалған шешімдердің атқарылуы керектігіне меңзелген мәлімдемеде:

"Тараптар Ливия дағдарысының дипломатиялық жолмен шешілуі керектігін, Ливияның тәуелсіздігін, береке-бірлігі мен территория тұтастығын қорғауды тағы бір мәрте дәріптеді" деп көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар