"Соғыс келіссөз үстелінде аяқталуы керек"

Подоляк «Ресей әкімшілігі мұны әлі де түсінбеді» деп атап өтті.

1828652
"Соғыс келіссөз үстелінде аяқталуы керек"

Украина президенттік кеңесшісі Михаил Подоляк елі мен Ресей арасындағы келіссөздер процесі тоқтатылғанын айтты.

Михаил Подоляк 24 ақпанда соғыс басталғаннан бері Украинадағы жағдай әлдеқайда көп өзгергенін айтты.

Подоляк «Ресей әкімшілігі мұны әлі де түсінбеді» деп атап өтті.

Подоляк былай деді: «Келіссөз процесі Украинада оқиғалардың қалай болатынына байланысты.  Стамбул декларациясынан кейін маңызды бір өзгеріс немесе жетістік болмағандықтан процес тоқтатылды. Ресей өзінің қалыпты пікірінен бас тартқысы келмейді. Ресей соғыстың 82-ші күніне келгенде де Украинаның бастапқыдағы ойда емес екенін түсінбеді.  Алайда мынаны айтып өтемін: Соғыс сонда да келіссөз үстелінде аяқталады».



Ұқсас жаңалықтар