Столтенберг Түркияның алаңын түсінетінін айтты

Йенс Столтенберг Дания премьер-министрі Метте Фредериксенмен Копенгагенде өткен кездесуден кейін ортақ баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.

1829377
Столтенберг Түркияның алаңын түсінетінін айтты

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Швеция мен Финляндияның НАТО-ға қатысуын бағалау кезінде Түркия тарапынан айтылған қауіпсіздік алаңдауларының ескерілуі керектігін айтты.

Йенс Столтенберг Дания премьер-министрі Метте Фредериксенмен Копенгагенде өткен кездесуден кейін ұйымдастырған ортақ баспасөз мәслихатында сөз сөйледі.

Швеция мен Финляндияның НАТО-ға мүшелік өтінішін бағалаған Йенс Столтенберг:

"Барлық мүшелердің қауіпсіздік уайымдарына назар аудару керек. Швеция мен Финляндияның НАТО-ға қатысуы тақырыбында ортақ шешімді қысқа уақытта жасайтынымызға сенемін" деді.

Швеция мен Финляндияның НАТО-ға қатысуы тақырыбында Түркиямен бірге НАТО-ның барлық мүшелерімен кеңесіп жатқандарын айтқан Йенс Столтенберг:

"Түркия тарапынан айтылған қауіпсіздік алаңдаушылықтарын түсінеміз. Түркия сияқты маңызды бір одақтас қауіпсіздік уайымын күн тәртіпке әкелген кезде мұны шешудің жалғыз жолы ортақ бір шешім табу үшін отырып кеңесуіміз керек" деп көрсетті.

Йенс Столтенберг осы екі ел НАТО-ға қатысқан кезде Еуропа Одағы жан санының 96 пайызы НАТО ішіне кіретінін айтып:

"Еуропа Одағының қорғаныс талпыныстарына ризамыз. Тура жұмыс жсалса, бұл НАТО-ны да, Еуропа Одағын да күшейтеді" деді.



Ұқсас жаңалықтар