Трамп Иранға құқайын жалғастыруда

Трамп "Ертең де болуы мүмкін, екі аптадан кейін де болуы мүмкін» деді.

1272280
Трамп Иранға құқайын жалғастыруда

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп Иранға әскери операция жөнінде «Бір ғана телефон арқылы елге кіре аламыз.  Бұл бүгін болуы шарт емес. Ертең де болуы мүмкін, екі аптадан кейін де болуы мүмкін» деді.

Трамп Калифорния штатының Мексика шекарасында құрылысы жалғасып жатқан қабырғаны тексерді, осындағы үрдіс жөнінде журналистерге мәлімет берді.

Шекараға салынатын қабырға арқылы оңтүстік шекарадағы заңсыз көш дағдарысын шешетіндерін атап көрсеткен Трамп «Енді көп адам келмейді» деді.

Иранға жасалуы мүмкін операция жөнінде болса «Таяу Шығыста не болатынын уақытында көреміз. Операция жасау әрқашан оңай. Бір телефонмен кезкелген бір елге операция жасауға болады.  Бұл бүгін болуы шарт емес. Ертең де болуы мүмкін, екі аптадан кейін де болуы мүмкін» деді.



Ұқсас жаңалықтар