Түрік Қызыл жарты ай қоғамы Суданға жәрдем беруде

Түрік Қызыл жарты ай қоғамы Суданда өткен ай сел апатында зардап шеккендерге гуманитарлық жәрдемдерін жалғастыруда.

1518423
Түрік Қызыл жарты ай қоғамы Суданға жәрдем беруде

Түрік Қызыл жарты ай қоғамын Суданда өткен ай сел апатында зардап шеккен отбасыларына гуманитарлық жәрдемдерін жалғастыруда. 

Түрік Қызыл жарты ай қоғамы мен Судан Қызыл жарты ай қоғамы ынтымақтаса отырып, сел апатында үйлері құлаған және шатырларда өмір сүрген отбастарына 300 дана азық-түлік пакетін таратты. 
Түрік Қызыл жарты ай қоғамы Судан делегациясы төрағасы Сердар Йылмаз сел апатында зардап шеккендерге қолдау көрсету мақсатымен 2 мың азық-түлік пакетінің 300 пакеттік алғашқы бөлімін Халфадағы отбастарына тапсырып бергендерін, сондай-ақ алдымыздағы күндерде де жәрдемдерінің жалғасатынын білдірді. 

Судан Ішкі істер министрлігі толассыз жаңбыр салдарынан сел жүргенін және сел апатында 138 адамның көз жұмғанын мәлімдеген еді. 
Судан Қорғаныс және қауіпсіздік кеңесі сел апатына орай 5 қыркүйекте үш айлық мерзімен төтенше жағдай жариялаған болатын. 

 



Ұқсас жаңалықтар