Түркия Буркина-Фасоға көңіл айтты

Түркия Буркина-Фасодағы Протестант шіркеуіне ұйымдастырылған террорлық шабуылды айыптады.

1361242
Түркия Буркина-Фасоға көңіл айтты

Түркия Батыс Африка елі Буркина-Фасодағы бір Протестант шіркеуіне ұйымдастырылған террорлық шабуылды айыптады.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде:

"Батыс Африка елі Буркина-Фасоның Яга қаласында болған террорлық шабуылды айыптаймыз"делінді.

Мәлімдемеде:  

"Террорлық шабуылды айыптаймыз. Бауырлас Бургина-Фасо халқына және үкіметіне шынайы көңіл айтамыз. Қаза тапқандардың отбасына және жақындарына көңіл айтамыз" делінді.

Белгісіз қарулы кісілер тарапынан Яга қаласына қарасты Панси ауылындағы шіркеуге жексембі дұғасы кезінде ұйымдастырылған шабуылда 24 кісі қаза тапты, 18 кісі жараланды.



Ұқсас жаңалықтар