Ұлыбритания өлтірілген ДАИШ-тіктердің балаларын елге әкелмек

Ұлыбритания үкіметі өлтірілген ДАИШ мүшесі ағылшын азаматтарының Сириядағы балаларын елге әкелуді жоспарлауда.

1310640
Ұлыбритания өлтірілген ДАИШ-тіктердің балаларын елге әкелмек

Сыртқы істер министрі Доминик Рааб тақырыппен байланысты мәлімдемесінде «Біз олардың үйге оралуына рұқсат бердік, өйткені ең дұрыс ұстаным осы» деді.

Балалардың өз тіршіліктерін жалғастыруы үшін қолдау беру керектігін атап көрсеткен Рааб «Бұл жазықсыз, жетім балалар ешқашан соғыс сұмдығына ұшырамау керек еді» деді.

Қауіпсіздік себепті аттары құпия түрде сақтаулы бұрын ДАИШ-тің бақылауында болған аймақтардан әкелінетін алғашқы ағылшын азаматтары болмақ.

Сириядағы лагерьде ағылшын азаматы 25 әйел мен көпшілігі 5 жастан кіші 60-тан астам бала бар екені атап көрсетілуде.

Алдында Франция, Германия, Норвегия және Дания өз азаматы балаларды елдеріне қабылдаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар