Украина Сыртқы істер министрі Павло Климкин отставкаға шыққанын жариялады

Климкин: "Украиналықтардың нені қалайтынын, бізден бейбітшілік сұрайтынын білемін. Көптеген ойым бар. Осыларды іске асыруды тілеймін".

1203463
Украина Сыртқы істер министрі Павло Климкин отставкаға шыққанын жариялады

Украина Сыртқы істер министрі Павло Климкин отставкаға шыққанын жариялады. 

Сыртқы істер министрі Павло Климкин отстапкаға байланысты мәлімдемесінде:

"Уәде бергенімдей, отставкаға кету өтінішімді тапсырдым" деді.

Парламент шаңырағы астында саяси күресті жалғастыратынын білдірген Климкин:

"Украиналықтардың нені қалайтынын, бізден бейбітшілік сұрайтынын білемін. Көптеген ойым бар. Осыларды іске асыруды тілеймін" деді.

Украинада президенттік сайлаудың жеңімпазы Владимир Зеленский 20 мамырда ант ішіп, міндетке келеді және жаңа кабинетті құрайды.  



Ұқсас жаңалықтар