Украинада 231 бала қаза тапты, 1837 мектеп күйреді

Украина Бас прокуратурасының мәлімдемесінде балалардың көпшілігі Донецк, Киев және Харьков облыстарында қайтыс болғаны хабарланды.

1829815
Украинада 231 бала қаза тапты, 1837 мектеп күйреді

Ресей армиясының Украинаға 24 ақпанда бастаған шабуылдарынан бері 231 бала қаза тауып, 427 бала жараланды.

Украина Бас прокуратурасының мәлімдемесінде балалардың көпшілігі Донецк, Киев және Харьков облыстарында қайтыс болғаны хабарланды.

Мәлімдемесінде Ресей армиясының бомбалауынан ел көлемінде 1837 оқу орнының зақымданғаны, 172 мектептің толығымен қирағаны атап көрсетілді.

Украинаның Инфрақұрылым министрі Александр Кубраков Ресей армиясының Украинаға 24 ақпанда бастаған шабуылдарының инфрақұрылымға салған зияны 100 миллиард доллардан асқанын айтты.

Александр Кубраков:

"Мариуполь және Украинаның шығысы сияқты ірі қалалар күйреп жатыр. Әлі де жалғасуда. Соғыс алдында инфрақұрылымның көптеген жобасын бастаған едік. Ресей соғысынан кейін жұмысты қайта бастау үшін батыс елдерінде шектелген Ресей байлығын қолдануды сұраймыз" деді.

Түркия мен Украина арасындағы жақсы қарым-қатынастарды ескерткен Александр Кубраков түрік құрылыс компанияларының Украинада соғыс алдында белсенді жұмыс жасағанын және оларға инфрақұрылымды қайта құруда мұқтаж екенін білдірді.

Украина Бас Штаб басқармасы Ресейдің 24 ақпан мен 20 мамыр арасындағы шығындары жайлы жасаған жазбаша мәлімдемесінде орыс армиясының соңғы 24 сағатта 200 әскерінен айырылғанын хабарлады.

Соғыс басталғаннан бері Ресей армиясының 28 мың 700 сарбазы өлтірілгені білдірілген мәлімдемеде орыстарға тиесілі 204 әскери ұшағы, 168 тікұшағы, 1 мың 263 танкі,  3 мың 90 сауытты көлігі, 596 зеңбірегі, 200 зымыран соғар және 93 әуе қорғаныс жүйесі Украина күштері тарапынан жойылғаны жарияланды.

Ресей Қарулы күштеріне қарасты 2 мың 162 көлік, 13 кеме мен жеңіл жүрдек қайық, 460 ұшқышсыз әуе көлігі күйретілгені жазылған мәлімдемеде Ресей армиясы атқан 103 қанатты зымыранның Украина әуе қорғаныс бөлімшелері тарапынан әуеде жойылғаны білдірілді.

Ресей Қорғаныс министрлігі 25 наурыз күні жасаған мәлімдемеде Украинада 1 мың 351 ресейлік сарбаздың қаза тапқанын хабарлады.

Ресей әскерлері 24 ақпан күні Украинаға шабуылдарын бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар