Үндістан Қытайға қарсы S-400 жүйесін қолданады

Үндістан Ресейде өндірілген алғашқы S-400 әуе қорғаныс зымыран кешенін сәуір айында іске қосады.

1763896
Үндістан Қытайға қарсы S-400 жүйесін қолданады

"Hindustan Times" газетінің хабарына қарағанда Ресейден тапсырып алған  S-400 Triumph жоғарғы деңгейдегі әуе зымыран қорғаныс жүйесінің іске қосылуы жұмыстарының жалғасқаны білдірілді. 

Жүйенің бес кешенінің барлығының Қытайдан келетін қауіп-қатерлерге қарсы қолданылатыны жеткізілген хабарда алғашқы  S-400 әуе қорғаныс зымыран кешенінің сәуір айында, қалған төрт  кешенінің болса 2023 жылы іске қосылатыны баяндалды. 

Үндістан Ресейде өндірілген S-400 әуе қорғаныс зымыран жүйесін 2018 жылы қазан айында 4,5 миллиард долларға сатып алған еді. 

"Hindustan Times" газеті де S-400 жүйесінің алғашқы батареяларының Үндістанның Пенджап уәлаятына құрылғанын білдірген. 

Үндістан Ресейде өндірілген алғашқы S-400 әуе қорғаныс зымыран кешенін Пенджап уәлаятына орналастырды.



Ұқсас жаңалықтар