Венгрия екі босқынға 28 мың евро құнақы төлейді

Еуропадағы Адам құқықтары соты Венгрияға жаза берді.

1310766
Венгрия екі босқынға 28 мың евро құнақы төлейді

Еуропадағы Адам құқықтары соты Венгрияға жаза берді.  Венгрия екі заңсыз босқынды Сербияға кері қайтарғаны үшін 28 мың евро құнақы төлейтін болды.

Сот 2015 жылы Венгрия-Сербия шекарасындағы транзит аймақта бассауғалау үшін өтініш беріп, артынан өтініштері қабылданбай Сербияға кері қайтарылған Бангладештің екі азаматының ісін қарады.

Еуропа Адам құқықтары соты Венгрияны бассауғалаған екі адамды Сербияға кері қайтарды,  Еуропа Адам құқықтары келісімінің азаптау және адамдыққа жатпайтын істерге тыйым салған үкімін бұзды деп есептеді.

Үкімге сай Венгрия екі босқынға 28 мың евро құнақы төлейді.

Венгрия үкіметі заңсыз босқындарға қарсы шара шеңберінде Вишеград тобындағы серіктері- Чехия, Польша және Словакияның қолдауымен шекарасына қосымша әскер мен полиция жіберген болатын. Заңсыз босқындардың көшін тоқтату мақсатында Сербия мен Хорватия шекарасына да тікенді сым орнатты. Шекара аймақтарында төтенше жағдай жариялап,  заңсыз өткендер үшін жазаларды арттырды.



Ұқсас жаңалықтар