Владимир Путин диалогқа ашық екенін білдірді

Путин 10-шы Санкт-Петербург халықаралық форумына үндеу жолдады.

1850398
Владимир Путин диалогқа ашық екенін білдірді

Ресей президенті Владимир Путин стратегиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету, жаппай қырып-жоятын қарудың таралуына жол бермеу және қару-жарақты бақылау саласындағы жағдайды жақсарту бойынша диалогқа ашық екенін мәлімдеді.

Путин 10-шы Санкт-Петербург халықаралық форумына арнаған бейне үндеуінде көпполярлы халықаралық қатынастар  жүйесінің қалыптасу процесінің жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Владимип Путин климат, ашаршылықпен күрес, азық-түлік және энергия нарығындағы тұрақтылық, халықаралық нарықтардағы әділ ережелер мен бәсекелестік сияқты мәселелерде күш-жігерді біріктіру қажеттігін атап өтті.

Украина әкімшілігінің адамзатқа қарсы қылмыс жасағанын пайымдаған Путин Ресейдің барлық халықтардың мәдениеті және  өркениеттік әртүрліліктің кепілі болатын демократиялық және әділетті әлем құру жолындағы талпыныстарын жалғастыратынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар