Зариф Ресейде

Иран министрі Кавказ аймағы елдеріне сапарлай шықты.

1571376
Зариф Ресейде

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джевад Зариф Кавказ аймағында алтылық ынтымақтастық платформасы қалыптастырғысы келетіндерін, осы мақсатта аймақ елдеріне сапарлай шыққанын айтты.

Алты елді қатитын аймақ сапарына шыққан Зариф Әзербайжанның бас қаласы Бакуден кейін екінші аялдамасы Ресейде Иран баспасөзіне мәлімет берді.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және әзербайжандық басқа да лауазым иелерімен кеше жақсы кездесу өткізгенін білдірген Зариф: «Аймақта алтылық ынтымақтастық платформасы қалыптастырғымыз келеді.  Кавказ аймағындағы елдерге осы мақсатпен келіп отырмыз» деді.

Ол «Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті Дональд Трамп кеткеннен кейін ерекше жағдай қалыптасты және Ресеймен осы тақырыпты айқындаймыз» деді.

Мұхаммед Джевад Зарифтің Ресейден кейін Армения, Грузия және Түркияға келуі жоспарланды.



Ұқсас жаңалықтар