Зеленский Ресей президенті туралы "диктатор" деді

Ресей президенті Владимир Путин туралы «диктатор» деген сөзді қолданды.

1828799
Зеленский Ресей президенті  туралы "диктатор" деді

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путин туралы «диктатор» деген сөзді қолданды.

Зеленский Францияда 75-ші Канн кинофестивалінің ашылу салтанатына бейнеконференция арқылы қатысып, үн қатты.

Өз сөзінде Екінші дүниежүзілік соғыс және актер Чарли Чаплиннің 1940 жылы түсірілген «Диктатор» атты фильміне тоқталған Зеленский «Чарли Чаплиннің «Диктаторы» (фильмі) сол кезде нағыз «диктаторды» өлтірген жоқ, бірақ осы фильмнің арқасында кинотеатр тыныштықтан шықты. Толық айтқанда үнсіздіктен құтылды. Кино сөйледі және болашақ жеңістің үніне айналды» деді.

Зеленский Путинге сілтеме жасай отырып, адамзаттың сол күннен бастап көптеген фильмдер түсіргенін атап «Соғыс сұмдығының жалғаспайтынын ойлау бәлкім мүмкін еді, бірақ қазір оның кезіндегідей «диктатор» бар» деді.

Ресейдің 24 ақпан күні Украинаға соғыс жариялағанын еске салған Зеленский Ресей армиясы кірген аймақтарда көптеген адамды қырғанын, оның ішінде 229 баланың да бар екенін атап көрсетті.

Владимир Зеленский күресті жалғастыратындарын, басқа амалдары жоқ екенін мәлімдеді.

«Диктатордың» жеңілетініне сенімдімін» деген Зеленский «Киноның үнсіз емес екенін дәлелдеу үшін бізге жаңа Чаплин керек» деді.

75-ші Канн фильм фестивалі Украина-Ресей соғысының көлеңкесінде өтеді. Ресей делегацияларына биылғы фестивальге қатысуға тыйым салынғаны шара алдында жарияланды.

Украина халқына қолдаудың белгісі ретінде фестивальде 2 украиндық режиссердің фильмдері әртүрлі бөлімдерде көрсетілсе, өткен айда Украинада өлтірілген литвалық режиссер Мантас Кведаравичюстің соңғы фильмі «Мариуполь-2» арнайы көрсетіліммен киносүйер қауымның назарына ұсынылады.



Ұқсас жаңалықтар