Зеленский Ресейдің аяусыз шабуылын айыптады

Зеленский Ресейді мемлекетінің шығысындағы Дорбасс аймағын тозаққа айналдырумен айыптады.

1829736
Зеленский Ресейдің аяусыз шабуылын айыптады

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейді мемлекетінің шығысындағы Дорбасс аймағын тозаққа айналдырумен айыптады. 

Владимир Зеленский халыққа жасаған үндеуінде орыс күштерінің Донбасс аймағын жермен-жексен еткенін айьып "Одесса аймағында Украинаның орталығындағы қалаларда үнемі шабуыл жасалуда. Донбасс түбегейлі күйретілді" деді. 

Зеленский соңғы апталарда орыс армиясының басты насанасы болған Донбасс аймағына шабуыл жасағанын білдірді.

Владимир Зеленский "Украина Қарулы Күштері Харьков аймағын құтқару үшін операцияларды жалғастыруда. Бірақ Донбасс аймағына шапқыншылар қысымын арттыруға тырысуда" деп көрсетті. 

Украина лидері Америка Құрама Штаттарының Украина және демократия үшін 40 миллиард долларлық жаңа бір пакетті бекіткеніне риза болғанын баяндады. 

 



Ұқсас жаңалықтар