Зеленский сүйінші жаңалық берді

Украинаның 144 сарбазы орыс тұтқынынан азат етілді.

1850093
Зеленский сүйінші жаңалық берді

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей тұтқынында болған 144 жауынгерді құтқарғандарын хабарлады.

Зеленский бейне үндеу арқылы жасаған мәлімдемесінде «оптимистік және маңызды жаңалық» бергісі келетінін айтты.

"Біз 144 украин жауынгерін Ресей тұтқынынан азат еттік. Олардың ішінде 59 ұлттық гвардия, 30 теңіз күштері, 28 армия, 17 шекарашы, 9 лаңкестікке қарсы күрескер және 1 полиция қызметкері бар" деді ол.

Құтқарылған сарбаздардың ең үлкені 65 жаста, ең кішісі 19 жаста екенін атап өткен Украина басшысы  «Атап айтқанда, «Азовстальдің» 95 қорғаушысы елге оралуда. Біз әрбір украиндықты үйіне әкелу үшін бәрін жасаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар