Зеленский Украинаны қорғауға болатынын айтты
Зеленский батыс елдері Украинаны Израильді Иранның шабуылынан қорғағандай қорғауына болатынын айтты.
Украина президенті Владимир Зеленский Израиль одақтастарының сәтті бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде Иранның тыныштандырылғанын және Израильдің инфрақұрылымын жоюға мүмкіндігі болмағанын айтты.
Зеленский өзінің «Telegram» арнасында «одақтастардың шешуші әрекеттері лаңкестік жасалуына және инфрақұрылымның жойылуына жол бермеді, шабуылдаушының жолын кесті. Украинаны лаңкестіктен қорғау үшін де солай етуге болады, - деп жазды.
Зеленский батыс елдері Украинаны Израильді Иранның шабуылынан қорғағандай қорғауына болатынын айтты. Сондай-ақ Украина басшысы елдерді қорғау үшін «НАТО-ның 5-бабына жүгінудің қажеті жоқ, саяси ерік-жігер көрсету жеткілікті» деп мәлімдеді.
Президент Украинаның Израиль сияқты НАТО мүшесі емес екенін айтып, «мұны түсініп, әуе қалқанын күшейту туралы үндеулерге тез жауап берген Украина достарына» алғысын білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
ИЫҰ саммиті 4-5 мамыры аралығында Гамбияда өтеді
Саммит «Тұрақты даму жолындағы диалог арқылы бірлік пен ынтымақты нығайту» тақырыбымен өтеді.
Израильдің Газа секторына шабуылдары жалғасуда
Газа секторындағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады.