3 мың қызметкерді жұмыстан шығарады

Tesla шамамен 3 мың жұмысшыны жұмыстан шығарады.

1130011
3 мың қызметкерді жұмыстан шығарады

Америка Құрама Штаттарындағы электрлі мотор және көлік өндірушісі Tesla шамамен 3 мың жұмысшыны жұмыстан шығарады.

BBC-дің хабарына қарағанда,  Tesla-ның құрушысы Илон Маск қызметкерлеріне э-пошта жіберіп,  көліктердің әлі де көптеген адам үшін қымбат екенін білдірді.  Жаңа және даму жолындағы технологиямен өндірісті арзанға түсірудің қиындықтарын меңзеген Маск жұмыс күшінің 7 пайызын қысқартатынын хабарлады.

Маск компанияның 2018 жылдың соңғы ширегінде өте аз табыс тапқанын және қызметкер санын азайтудан басқа амал қалмағанын айтты.

Компанияның 45 мыңнан астам қызметкері бар.

Компания басшылығы шамамен 3 мың қызметкерді жұмыстан шығарады.



Ұқсас жаңалықтар