4 мың 500 адам жұмыстан шығарылады

Ағылшын авиакомпаниясы 4 мың 500 адамның жұмыстан шығарылатынын хабарлады.

1425033
4 мың 500 адам жұмыстан шығарылады

Ағылшын авиакомпаниясы EasyJet 4 мың  500 адамның жұмыстан шығарылатынын хабарлады. 

Компания коронавирус эпидемиясына байланысты қиыншылықтар және жолаушы санының азаюына байланысты 4 мың 500 кісінің жұмыстан шығарылуының жоспарланғанын білдірді. 

EasyJet  басшысы Йохан Лундгрен: “Қазір қиын кезеңнен өтіп жатырмыз. Адамдардың өміріне әсер ететін өте қиын шешімдер беруіміз керек. Ұзын мерзімде мүмкіндігінше қызметкерлерді қорғап қалуға тырысамыз” деді. 

Ол 15 маусымда рейстердің қайта басталатына қарамастан 2019 жылғы рейс әлеуетіне тек үш жылда жете алатындарын айтты. 

Ағылшын үкіметі бұдан бұрын 8 маусымнан бастап елге келетін жолаушылардың 15 күн карантинде қалуы керектігін хабарлаған еді. Саяхат компаниялары осы карантин шартына орай Ұлыбританияға келетін жолаушы санының азаятынын айтып отыр. 

Virgin Atlantic  авиакомпаниясы 3 мың, British Airways 12 мың, Ryanair болса  3 мың адамның жұмыстан шығарылатынын білдірген еді.



Ұқсас жаңалықтар