7 мың адам жұмыстан шығарылады

Құрметті демалысқа кеткен қызметкерлердің орнына жаңа қызметкер алынбайтыны да білдірілді.

1162864
7 мың адам жұмыстан шығарылады

Ең ірі автомобиль өндірушілерінің бірі Volkswagen 2023 жылға дейін 5-7 мың адамның жұмыстан шығарылатынын білдірді.

Электрмен жүретін көлік нарығында жетістікке жетуді көздеген компания осы мақсатпен бірқатар инвестиция салынатынын және жаңа өндіріс жүйесіне көп қызметкер қажет еместігін атап көрсетті.

Хабарламасында компания: «Күнделікті міндеттер автоматтық жүйеге өтетіндіктен, компаниямызда 2023 жылға дейін 5 және 7 мың шақты қызметкердің жұмысы доғарылады» деп айтылды.

Сонымен қатар құрметті демалысқа кеткен қызметкерлердің орнына жаңа қызметкер алынбайтыны да білдірілді.

Электрмен жүретін көлік өндірісіне салмақ салатын компания 10 жылда 22 миллион көлік өндіруді жоспарлап отыр.



Ұқсас жаңалықтар