Ағылшындар Түркияда демалғандарына риза

Ұлыбританияның Түркиядағы өкілетті елшісі Доминик Чилкотт ағылшын туристердің Түркияда демалғандарына риза екенін айтты.

1466413
Ағылшындар Түркияда демалғандарына риза

Ұлыбританияның Түркиядағы өкілетті елшісі Доминик Чилкотт ағылшын туристердің Түркияда демалғандарына риза екенін айтты.

Доминик Чилкотт Ұлыбританиядан Түркияға ұшақ рейстерінің жалғасқанына тоқталып:

"Маусым айының соңында Ұлыбритания үкіметі саяхат ұсыныстарын жаңалады. Бірнеше елдің сенімді екеніне, ағылшын туристердің осы елдерге саяхат жасауына болатынына шешім жасады. Бұлар жаңа типті коронавирус  (Сovid-19) індетін бақылауға алған елдер. Түркия осы елдердің бірі. Демалуға болатын жасыл елдердің бірі ретінде Түркия саяхат жасау ұсынылған елдер арасына кірді" деді.

Доминик Чилкотт коронавирус карантин тәртіптерін де бақылап отырғандарын, алғашқы сатыда Түркияға саяхат жасайтын ағылшын туристердің демалыстан кейін карантинге кірмейтінін білдірді.

Ағылшындардың Түркияға келуі үшін есік ашық екенін айтқан елші:

"Ұлыбританиядан 15 шілдеде ұшақ рейстері басталды. Анталия мен Мугла Даламанға көп турист келуде. Ағылшын туристер Түркияда демалғандарына риза. Қазірге дейін ағылшын туристерден көңілсіз болғанын көрмедік. Түркиядағы туризм кәсібі саласында берілген қызмет сапасы жоғары. Бірнеше апта ішінде мыңдаған ағылшын турист келді" деп көрсетті.   



Ұқсас жаңалықтар