Алжир лидері түрік инвестицияларына тоқталды

Теббун "Мен бұл инвестициялардың уақыт барысында 10 миллиард долларға ұласатына сенемін" деді.

1827971
Алжир лидері түрік инвестицияларына тоқталды

Ресми сапармен Түркияда болған Алжир президенті Абдельмаджид Теббунды президент Режеп Тайып Ердоған Президенттік сарайында салтанатты түрде қарсы алды. Кездесуден кейін Теббун мен Ердоған ортақ баспасөз мәслихаты өткізді.

Президент Ердоғанның Алжирде түрік инвестицияларының 5 миллиард долларға жеткені жайлы сөзін еске салған Теббун " Мен бұл инвестициялардың уақыт барысында 10 миллиард долларға ұласатына сенемін" деді. 

Абдельмаджид Теббун Ливияға байланысты бір сұраққа орай былай деді: "Ливия тақырыбында Түркиядағы бауырластарымызбен бірдей көзқарастамыз. Біз де Ливияда сайлаусыз бір шешімт болмайды. Бұл тақырып жөнінде Түркиямен селбесудеміз. Өйткені бірдей көзқарастамыз. Сайлау болмаса болмайды".

Әңгімеде Ливия және Палестина тақырыптарының да қолға алынғанын түсіндірген Теббун Алжир мен Түркияның Палестина тақырыбында келіскенін айтты. 

 



Ұқсас жаңалықтар