Анталиядан тікелей рейс басталады

Түрік Әуе жолдары Стокгольм мен Анталияны тікелей рейспен байланыстырады.

1130182
Анталиядан тікелей рейс басталады

Түрік Әуе жолдары THY Швецияның бас қаласы Стокгольм мен Түркияның туризм астанасы Анталияны тікелей рейспен байланыстырады.

Түрік Әуе жолдарының баспасөз қызметінің хабарламасына қарағанда,  жаз маусымы бойы аптасына бір рет Анталиядан Стокгольмге тікелей рейс игеріледі.  Рейстер 5 шілде күні басталады.

Еуропаның ең салқын қалаларының бірі саналатын Стокгольмде жылдық орташа температура 7 градус, тамыз айында теңіз суы температурасы 17 градус болады.

Анталияда болса қазан айында да теңіз суы температурасы орташа 26 градусты көрсетеді.

Анталияға тікелей рейс шілде айынан қазан айының аяғына дейін атқарылады. Осылайша Швеция азаматтары Еуропаның таңдаулы туризм орталықтарының бірі Анталияға THY сапасымен саяхаттай алады.



Ұқсас жаңалықтар