БАӘ ядролық реактормен электр өндірді

Біріккен Араб Әмірліктері елдің электр қажетін қамдау мақсатымен салынған 4 ядролық реактордың біреуі іске қосылғанын жариялады.

1466021
БАӘ ядролық реактормен электр өндірді

Біріккен Араб Әмірліктері елдің электр қажетін қамдау мақсатымен салынған 4 ядролық реактордың біреуі іске қосылғанын жариялады.

Президенттің орынбасары, премьер-министр және Дубаи әмірі Шейх Мұхаммед ибн Рашид аль Мактум Твиттер желісінен жасаған мәлімдемесінде:

"Қызметкерлеріміз жанармай толтыру және көлемді сынақтардан кейін операцияны табыспен аяқтады" деді.

Мактум нысаналарының реакторлардың барлығын іске қосу екенін, осылайша елдегі электр қажетінің 25 пайызы қамдалатынын хабарлады.

"Бараках" реакторының жұмысқа түсуімен 9 миллион жан саны бар Біріккен Араб Әмірліктері ядролық энергия арқылы электр өндірген тұңғыш араб елі болды. 

Біріккен Араб Әмірліктері 2023 жылға дейін Баракахты қамтыған 4 реакторға ие болуды нысанаға алды.

Реакторлардың жалпы құны 25 миллиард долларға жететіні мөлшерленуде.



Ұқсас жаңалықтар