Бельгияда мейрамханалар банкрот болуда

Брюссельде 1200 мөлшеріндегі мейрамхананың үштен бірінің жаңа типті коронавирус себепті күзге қарай банкроттан жабылуы мөлшерленуде.

1466994
Бельгияда мейрамханалар банкрот болуда

Еуропа Одағы ұйымдары мен НАТО-ға үй иесі болған Бельгияның астанасы Брюссельде жұмыстанатын 1200 мөлшеріндегі мейрамхананың үштен бірінің жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті себепті күзге қарай банкроттан жабылуы мөлшерленуде.

Брюссель Азық-түлік қызметтері институты федерациясының (FHB) төрағасы Филипп Трине баспасөзге жасаған мәлімдемесінде коронавирус індетіне қарсы жасалған сақтық шаралары көптеген мейрамхана мен кафелерді тұйыққа тірегенін айтты. 

Трине кәсіпорын өкілдерінің әсіресе күзде банкрот толқынын күткендерін білдірді.

Бельгия үкіметі індетпен күрес аясында тың шаралар жасалатынын жариялады. Мұның ішінде баршаның бір айда көп болғанда 5 кісімен кездесуі, үйден жұмыстануға шабыттандыру, мейрамхана мен кафелерге барғандардың телефон номерлері мен хатсандық адрестерін қалдыруы, сауда жасалатын адам көп көше мен алаңдарда маска тағудың мәжбүр болуы сияқты шаралар бар.  



Ұқсас жаңалықтар