Чешме туристік кемелердің мекеніне айналды

Мальта круиз кемесі Azamara Pursuit 298 жолаушысымен Чешме Улусой портына тоқтады.

1827169
Чешме туристік кемелердің мекеніне айналды

Айдынның Чешме ауданындағы кемежай круиздік турист кемелерімен жандануда.

Мальта жалауы ілінген круиз кемесі Azamara Pursuit 298 жолаушысымен Чешме Улусой портына тоқтады.

Саяхат бағдарламасы аясында Грекияның Миконос аралынан келген кемедегі туристер ауданның көшелері мен базарларын аралады. Чешме қамалы мен Алачаты көріністерін тамашалады.

Круиз кемесінің келесі бағыты Грекияның Пирей порты болады.

Сонымен бірге Gemini атты круиздік кеме де  Эгей аралдарын аралау мақсатымен Чешме кемежайына келді.



Ұқсас жаңалықтар