Facebook мың адамға жұмыс береді

Осылайша компанияның Ұлыбританиядағы қызметкер саны 2020 жылы 4 мыңға жетеді.

1344896
Facebook  мың адамға жұмыс береді

Facebook әлеуметтік желісі Ұлыбританиядағы орталығында мың адамға жұмыс береді.

Компания хабарлама жариялап,  биыл Ұлыбританияда мың адамды жұмысқа орналастыратынын білдірді. Жұмысқа алынатындардың көбі зиянды мазмұндағы жазбаларды анықтауда міндет атқаратын болады.

Жоспар бойында шамамен 500 кісі компьютерлік бағдарлама инженерлігі,  өнім дизайн және дата секілді салаларда қызмет ететін болады.

Осылайша компанияның Ұлыбританиядағы қызметкер саны 2020 жылы 4 мыңға жетеді.

Facebook 2017 жылы Молла Рассел атты қолданушының өзіне қол жұмсауынан кейін барлық платформаларда зиянды жазбаларды анықтап, жарияламау үшін одан да көп инвестиция салуға шешім берген болатын.

Facebook қазірге дейін Instagram-ды да қосқанда барлығы 2,8 миллион зиянды жазбаны анықтап, платформалардан алып тастады.



Ұқсас жаңалықтар